Әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
Іскерлік әдеп және деонтология кодексі
1. Мақсаты
Кодекс «Реабилитация-Авиценна» мекемесінің медициналық және медициналық емес қызметкерлерінің негізгі әдеп нормалары мен жүріс-тұрыс қағидаларын белгілейді. Кодекс Қазақстан Республикасының медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерінің ар-намыс кодексіне (Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі № 360-VI Кодексінің 274-бабы) негізделген. Кодекстің сақталуы қызметкердің жұмысын бағалау кезінде ескеріледі.
2. Негізгі құндылықтар
- Мейірімділік және пациентке құрмет — жынысына, жасына, ұлтына, дініне, әлеуметтік жағдайына және денсаулық жағдайына қарамастан.
- Кәсібилік — клиникалық хаттамалар бойынша жұмыс, тұрақты оқу.
- Адалдық — пациенттерге, әріптестерге және бақылаушы органдарға шынайы ақпарат беру.
- Құпиялылық — дәрігерлік құпияны және дербес деректерді сақтау.
- Жауапкершілік — өз жұмысының нәтижесі мен пациенттің қауіпсіздігі үшін.
3. Пациенттермен қарым-қатынас
- қызметкер пациентке өзін таныстырады, оған сыпайы және түсінікті тілде (қазақ немесе орыс тілінде) жүгінеді;
- денсаулық туралы ақпарат пациенттің жағдайы ескеріле отырып, әдептілікпен хабарланады;
- дөрекілікке, немқұрайдылыққа, пациенттерді олардың көзінше немесе қоғамдық орындарда талқылауға жол берілмейді;
- пациенттің таңдау, бас тарту және екінші пікір алу құқығы құрметтеледі;
- қызметкер ақылы қызметтерді күштеп ұсынбайды және жеке мүддесі үшін пациентті белгілі бір ұйымдарға жібермейді.
4. Әріптестермен қарым-қатынас
- өзара құрмет, тәлімгерлік, жас мамандарға көмек;
- кәсіби келіспеушіліктер пациенттердің қатысуынсыз талқыланады;
- кемсітушілікке, қудалауға және кез келген қысым көрсету түрлеріне жол берілмейді.
5. Сыйлықтар және мүдделер қақтығысы
Қызметкерлерге медициналық көмек көрсеткені үшін пациенттерден және олардың туыстарынан сыйақы талап етуге немесе алуға тыйым салынады. Мүдделер қақтығысы кезіндегі іс-әрекет тәртібі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатта белгіленген.
6. Сыртқы келбет және жүріс-тұрыс
Қызметкер ұқыпты арнайы киім және тегі, аты және лауазымы көрсетілген бейдж киеді, гигиена қағидаларын сақтайды, ұйым аумағында темекі шекпейді.
7. Кодексті бұзу
Кодекстің бұзылғаны туралы басшыға, пациентті қолдау қызметіне немесе 8 (7162) 72-28-28 сенім телефоны бойынша хабарлауға болады. Бұзушылықтарды «Әдеп жөніндегі комиссия туралы ережеде» белгіленген тәртіппен әдеп жөніндегі комиссия қарайды; нәтижелері бойынша тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылуы мүмкін.