Көкшетау қ., Абай к-сі, 156А 8 (7162) 72-33-33

Стационарда болу қағидалары

Жаңартылды:

Стационарда тыйым салынады

  • палатада қауіпті және тыйым салынған заттарды, қаруды сақтауға;
  • электр қыздыру аспаптарын (қайнатқыштар, шәйнектер, жылытқыштар және басқалар) пайдалануға;
  • ұйқы мен демалысқа арналған уақытта жарықты, аудио- және бейнеаппаратураны қосуға, сондай-ақ палата мен бөлімше бойынша жүруге;
  • жабдықтар мен жиһазды өз бетінше жөндеуге;
  • шаншып және кесетін заттарды, сынғыш ыдысты ұстауға;
  • палаталардағы бос төсектердің төсек жаймаларын, жастықтары мен көрпелерін пайдалануға;
  • құмар ойындар ойнауға;
  • темекі шегуге, спирттік ішімдіктер ішуге;
  • емдеуші дәрігермен келіспей стационардан кетуге.

Стационарда емделу (тексерілу) кезінде пациент міндетті

  • тұрмыстық коммуникацияларды (тоңазытқыш, душ, санитариялық торап) пайдаланудың санитариялық-гигиеналық нормаларын сақтауға;
  • емдеу-қорғау режимін, оның ішінде емдеуші дәрігер тағайындаған режимді сақтауға;
  • денсаулық жағдайының нашарлағаны туралы кезекші медициналық персоналға уақтылы хабарлауға, денсаулық жағдайындағы өзгерістер туралы дәрігерге немесе мейірбикеге дереу хабарлауға;
  • медицина қызметкерлеріне, медициналық көмек көрсетуге қатысатын басқа адамдарға және айналадағыларға құрметпен қарауға;
  • палаталар мен бөлімшеде тыныштықты, тазалық пен тәртіпті сақтауға;
  • медициналық көмек көрсететін адамға өз денсаулығы туралы өзіне белгілі дұрыс ақпаратты, оның ішінде дәрілік заттарды қолдануға қарсы көрсетілімдер, бұрын болған және тұқым қуалайтын аурулар туралы ақпаратты беруге;
  • емдеуші дәрігердің медициналық нұсқамалары мен ұсынымдарын орындауға, медициналық көмек көрсетудің барлық кезеңдерінде дәрігермен ынтымақтасуға;
  • күн тәртібінің ішкі қағидаларын сақтауға және стационардың мүлкіне ұқыпты қарауға;
  • санитариялық-гигиеналық нормаларды сақтауға: бөлімшеге ауыстыратын аяқ киіммен немесе бахиламен кіруге, сырт киімді гардеробқа қалдыруға.

Режимді бұзу

Режимді және ішкі тәртіп қағидаларын бұзғаны үшін пациент уақытша еңбекке жарамсыздық парағына тиісті белгі қойыла отырып, мерзімінен бұрын шығарылуы мүмкін. Бұзушылық болып, оның ішінде, мыналар саналады:

  • персоналға дөрекі немесе құрметсіз қарау;
  • дәрігердің қабылдауына немесе емшараға келмеу не уақтылы келмеу;
  • дәрігердің талаптары мен ұсынымдарын сақтамау;
  • дәрілік препараттарды өз қалауы бойынша қабылдау;
  • емдеу курсы аяқталғанға дейін стационардан өз бетінше кетіп қалу;
  • емдеуші дәрігердің білуінсіз және рұқсатынсыз басқа ұйымда бір мезгілде емделу;
  • темекі шегу, спирттік ішімдіктер ішу;
  • ішкі тәртіп қағидаларын сақтамау.

Ұсынылмайды

  • ақшаны, құнды заттарды, әшекейлерді, ұялы телефондарды қараусыз қалдыруға;
  • өз ауруыңызды айналадағылармен талқылауға;
  • күтім және емдеу бойынша бөгде адамдардан көмек сұрауға.

Пациенттерге келу

Стационардағы пациенттерге келу көзделмеген. Азық-түлік пен заттарды «Пациенттерге не беруге болады» бөліміндегі қағидалар бойынша беруге болады. Анықтама — 8 (7162) 72-28-28 телефоны бойынша.